• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:58:56
Алматы
+35°

Кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаров "AV Construction" ЖШС компаниясынан қаржы жымқырды деген айыппен 7 жылға сотталды. Бұл туралы Алматы қаласы Медеу ауданы №2 аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.  

Сот 2021 жылдың наурыз айында Алас Әбдіғаппаров "AV-Construction" ЖШС-нің коммерциялық мәселелер жөніндегі директорының орынбасары болып қызмет еткен кезде Esentai city тұрғын үй кешеніндегі тұрғын үйді сатып алуға келген тұтынушымен алдын ала келісім жасасқанын анықтағанын хабарлады. Келісімшарт бойынша, тұрғын үйді сатып алушы Әбдіғаппаровқа 2 млн доллар берген. Әбдіғаппаров 1 млн долларды компания басшылығына беріп, қалған 1 млн долларды заңсыз түрде өзінде қалдырған. 

Сот күдікті "AV-Construction" ЖШС-ге 418 миллион 640 мың теңге көлемінде материалдық залал келтіргенін анықтаған. 

Алайда Алмас Әбдіғаппаров өз кінәсін мойындамады. Прокурор соттан Әбдіғаппаровты 7 жылға бас бостандығынан айыруды, ал жәбірленуші компания өкілі сотталушыны кінәлі деп тануды сұрады.

"Сот үкімімен Әбдіғаппаров өзіне сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі мөлшерде ұрлағаны үшін кінәлі деп танылып, оған қаржы ұйымдарында басшылық лауазымдарды атқару құқығынан 5 жыл мерзімге айыра отырып, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Азаматтық тұлға өкілінің талап арызы толық көлемде қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ", делінген хабарламада. 

Бұған дейін, Алмас Әбдіғаппаров Болат Назарбаевтың тапсырмасын қамауда отырғанын айтып сұхбат берген. Алмас Әбдіғаппаров пен оның туыстары отбасылық бизнесін "Болат Назарбаевтың адамдары" иемденіп алғанын мәлімдеген болатын. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір