• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:15:06
Алматы
+35°

Алматы қаласындағы "Алтын орда" базарының төңірегіндегі дау әлі басылмады. Бұл туралы қоғам белсенділері мәлімдеді. Олардың айтуынша, сәуір айында базардың басшылығы ауысқанымен, сауда орнында заң бұзушылықтар тоқтамаған. 

 

– Көрші елдерден келген топтар базарды өздігінше бөліп алып, билігін жүргізеді екен. Ондағы үнемі жазасыз қалатын ұрлық-қарлық пен қолдан жасалған қымбатшылыққа осы топтардың қатысы бар, – дейді елордада жиын өткізген заңгер Дәурен Ғабдул.

 

Саудагерлер тарапынан да көптеген шағым түсіп жатыр. Ал қоғам белсенділері "Алтын орданың" қазіргі қожайыны тиісті жұмыстарды жүргізе алмай жатқанын айтып отыр. 

– Компанияда 95 пайыз үлесі бар астанадағы экономикалық тергеу департаментінің бұрынғы қызметкері Хамзиннің құрылтайшылар құрамына қалай кіргені белгісіз. Базарда әлі заңсыз жайттар орын алуда. Бұл мәселелерге базардың қазіргі иелері жауап беріп, тәртіп орнатуға міндетті, – дейді Дәурен Ғабдул. 

Оның айтуынша, "Алтын орда" базары – Алматы қаласы мен облысының тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырған үлкен базар. Сондықтан  "Алтын орданың" тағдыры әр азаматты алаңдатуы керегін айтады. 

– Бұл – стартегиялық нысан. Егер ол жердің жұмысында ақау болса, әрқайсымыздың үстеліміздегі нанымызға, жеп отырған етімізге дейін әсер етеді. Осыдан 3 ай бұрын келген жаңа қожайын базардың ортадағы адамдардың қатысуымен көтерілетін бағаларға қатысты былықтарын жоюға уәде еткен. "Алтын орданың" бұрынғы құрылтайшыларының үстінен 2017 жылы базарды рейдерлік жолмен тартып алды деген арыз түсті, – деді заңгер.  

Заңгер Дәурен Ғабдул қазір сауда орынның экс-басшылары бизнес ошағын қайтарып алуға тырысып жатқанын айтады. Бүгінде былыққа әбден батқан базардың алдағы жай-күйі қалай болатыны белгісіз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір