• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:27:42
+35°
 
Белгілі саясаткер, АҚШ-тың 99 жастағы бұрынғы мемлекеттік хатшысы Генри Киссинджер Ресей мен Украина конфликтінің ықтималды үш нұсқасын атады. Бұл туралы ол The Spectator басылымына берген сұхбатта айтқан.
 
Киссинджердің алғашқы нұсқасына сай, Ресей қазіргі басымдығын сақтаса, Украинаның 20 пайыз жерін, Донбасстың басым бөлігін басып алады. Бұл – Украина өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы дамыған аймақтарынан, қаратеңіз жағалауынан айырылып қалады деген сөз. Ресей үшін бұл – көптеген сәтсіздіктерге қарамастан, жеңіспен пара-пар. НАТО-ның рөлі айтарлықтай болмайды.
 
 

Екінші нұсқа бойынша Украина Қырымды қоса алғанда Ресейді әскери қимылдар басталғанға дейінгі аумаққа дейін шегіндіруі мүмкін. Олай бола қалса, Батыс пен Ресей соғысы мәселесі тууы ғажап емес.

Үшінші нұсқа бойынша Украина Ресейге төтеп беріп, фронт линиясы 24 ақпанға дейінгі жағдайға оралады. Бұл – Ресей үшін жеңіліс болып саналады. Украина конфликтке дейінгі шекарасына қайта оралып, қарулануға, НАТО-ға мүше атана алмаса да тығыз қарым-қатынас жасауға мүмкіндік алады.

Киссинджер бүгінде Украина билігі дәл осы үшінші сценарийді ұстанып отыр деп санайды.

"Егер соғыс осылай аяқталса, НАТО үшін үлкен жетістік болар еді. Альянс Филняндия мен Швецияның есебінен күшейіп, Балтық елдерін тиімді қорғау мүмкіндігіне ие болады. Украина Еуропадағы ең үлкен құрлық әскерін иеленеді. Ал Ресей жаңа тарихта алғаш рет Еуропаны қауіпсіздігін АҚШ-тың ядролық күштері қамтамасыз етіп отырған аумақ түрінде емес, жеке дара құрылым ретінде бағалауға мәжбүр болады" дейді Киссинджер.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір