• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 23:49:58
Алматы
+35°
 

"Алматы Жастары" тұрғын-үй бағдарламасы бойынша 18 мамыр мен 1 маусым аралығында құжат тапсырғандар арасында жолдама алғандардың тізімі шықты.

Тізімге 1000 адам ілінген. 676 адам резервте тұр. Енді олар төлем қабілетін растауға тиіс.

Жолдама алған азаматтардың толық тізімі төменде ұсынылған.

Тізім әр сала бойынша ең жоғары балл жинағандардан басталады.

  • некенің әр жылы үшін – 1 балл;
  • бір бала болса – 1 балл;
  • саласы бойынша тәжірибенің әр жылы үшін – 2 балл;
  • халықтың әлеуметтік әлжуаз тобына жатқаны үшін – 5 балл.

Жолдама алған азаматтар 15 жұмыс күні ішінде Отбасы банктің" қызмет орталығына жүгінуі керек. Төлем қабілетін растағандар 45 күн ішінде бастапқы немесе екінші нарықтан үй таңдай алады.

Бағдарлама шеңберінде несие берудің шарттары:

  • Қарыздың ең жоғары сомасы – 18 млн теңгеге дейін;
  • Пайыздық мөлшерлеме – 5%;
  • Бастапқы жарна –  10%;
  • Бастапқы және қайталама тұрғын үй алу мүмкіндігі;
  • Қамту – 1000 адам.
  • Қарыз мерзімі – 25 жылға дейін

Қатысу үшін негізгі талаптар:

  1. Қатысушының жасы 35 жасқа дейін (қоса алғанда), болуы керек. Бұ жерде жұбайының (зайыбының) жасы маңызды емес. Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде тек ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады;
  2. Үміткер мен оның отбасы мүшелерінде тұрғын үй болмауы керек.
  3. Қатысушының Алматы қаласында белгіленген санаттар бойынша кем дегенде 6 ай міндетті зейнетақы мөлшерлемесі және ресми жұмыс өтілі болуы керек. Белгіленген санаттар қатарында денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ЖОО-лар және ҒЗИ, журналистика, әлеуметтік сала және құқық қорғау органдары салалары бар.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір