• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:49:16
Алматы
+35°

"Қазақстан Темір жолы" ұлттық компаниясы қазақстандық "Жібек жолы" кемесімен Бердянск теңіз сауда порты арқылы Украинадан астық экспортталатыны туралы ақпаратқа байланысты пікір білдірді.

ҚТЖ қазақстандық кемемен астық тасымалданатынын растады.

Ұлттық компания таратқан ақпаратқа қарағанда, кеме "KTZ Express Shipping" жауапкершілігі шектеулі серіктестікке тиесілі. 2021 жылғы 26 қазанда "KTZ Express Shipping" ЖШС ресейлік Green Line LLC компаниясымен бербоут-чартер шартын жасасқан. Шарт мерзімі 2022 жылғы 30 қарашаға дейін жарамды. Ол жерде келісім-шарт  әрекет ету мерзімі ішінде кеме жұмысына ешқандай санкциялар қолданылмайтындығына кепілдік берілген. Яғни "Жібек жолы" кемесінің қызметі санкция ережелерін бұзбайды.

Келісім-шарт бойынша жалға алушы жүктің түрі мен оны тасымалдау бағыттары бойынша кеме иесімен келіспейді. Ал "Green-Line" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1999 жылдан бері астық және мұнай трейдері ретіндегі эстониялық Mangelbert OU компаниясымен Украинадан Түркияға астық тасымалдау қызметін көрсетуге ұзақ мерзімді келісімшартқа отырған.

Mangelbert OU басшысының сөзінше, 2022 жылғы 28 маусымда "Жібек жолы" кемесі Бердянск теңіз сауда портында 7 мың тоннаға жуық бидай тиеп, порттан Түркияның Қарасу порты бағытына шыққан. Әрі астық украиндық екенін, ал тасымалдау украиналық тараптың өтініші бойынша келісілген гуманитарлық дәліз бойынша жүзеге асырылатынын айтады.

Бұған дейін БАҚ беттерінде "Жібек жолы" кемесімен Украинадан Түркияға 7 мың тонна астық заңсыз экспортталғаны туралы ақпарат тараған. Ақпаратта "Жібек жолы" (қазір Ресей туымен жүзіп келе жатқан) "KTZ Express Shipping" компаниясына тиесілі қазақстандық кеме екені айтылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір