• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:52:30
Алматы
+35°

Тергеу изоляторында қамауда отырған оппозициялық белсенді Ермек Нарымбаев азаптауға ұшырағанын, өзіне қатысты қолданылған заңсыз әрекеттерге наразылық ретінде аштық жариялағанын мәлім етті. Бұл туралы Нарымбаевтың тергеу изоляторынан жазған хатында айтылады. Хат оның facebook парақшасында жарияланды.

Сөзінше, оны 21 маусым күні сағат 22:00-де бірнеше жедел уәкіл тінтіп, екінші әрекеттен кейін қалтасына SIM карта салып жіберіп, тінту кезінде тауып алғандай болған. "Бұның бәрі жедел уәкілдердің видеосында бар" деген белсенді осы жағдайдан кейін тәртіптік изоляторға қамалған. Ол "SIM картада саусақ іздерінің жоғын жедел уәкілдердің өзі айтты, "симка" ешкімнің атына тіркелмеген болып шықты" деп отыр. Нарымбаев осы жағдайдан кейін аштық жариялаған.

Ол жариялаған аштығын тоқтату үшін тергеу изоляторының қызметкерлері көзі нашар көретініне қарамастан көзілдірігін, кітап, қалам, жалғыз тамағы болған суын алып қойып, кранның суып жауып тастағанын айтады.

"Офицерлер мен әскери қызметшілердің бір тобы төсектен матрацты, жастықты алып, төсекті жауып, мені аш күйі ұйықтауға, бетон еденге жатуға мәжбүр етті. Жедел уәкіл бөлімінің үш офицері (бөлім бастығы Нұрлан Құрманғалиұлы, Елдос, Мұрат Мирханұлы) мазақ етті, тұрғызып алып, үш бұрыш секілді етіп мені бір-біріне итерді. Құлағыма тақап даусы зорайған музыкамен қысым жасау арқылы аргессивті әрекеттерге арандатуға тырысты" дейді.

Ол азаптау әрекеттері прокуратураға арызданғаннан кейін де жалғасқанын жеткізді.

"Мен ар-намысымды, қадір-қасиетімді кемсітетін, құқығымды бұзатын психикалық және физикалық зорлық-зомбылыққа ұшырадым, осылайша азаптауға және қатыгез қарым-қатынасқа және менің қадір-қасиетімді қорлайтын іс-әрекеттерге жол бермеу туралы конституциялық құқығым бұзылды. Баяндалғанның негізінде маған қатысты зорлық-зомбылық жасаған кінәлілерді жауапқа тарту туралы құзыретті органдарға шағым жіберу үшін менің өтінішімді қабылдауды сұраймын" делінген Нарымбаев жазбасында. 

Ермек Нарымбаев алғаш 2015 жылғы 12 қазанда ұсталған. Оған Қылмыстық кодекстің 174-бабы (әлеуметтік желіде ұлттық ар-намысты қорлау, ұлтараздықты қоздыру бағытындағы ақпаратты тарату) бойынша айып тағылған. Белсенді Серікжан Мәмбеталин екеуі артынша әрекетіне "өкінетіні" туралы хат жазған. Ермек Нарымбай тергеу изоляторында бір айдан астам уақыт аштық жариялап, 2016 жылғы 22 ақпанда сот оны үй қамаққа ауыстыру туралы шешім шығарған. Кейін апелляция соты оның жазасын 3 жыл мерзімге еркіндігін шектеу жазасына ауыстырған. 2016 жылғы шілдеде Ермек Нарымбай құзырлы органдарға ескертпестен Украинаға кетіп қалған. Ол содан бері Украинада тұрып келді. 

Белсенді қаңтар оқиғасынан кейін ақпанда билікпен диалог орнатқысы келетінін айтып, елге оралған бетте Алматы әуежайында қамауға алынған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ермек Нарымбаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір