• USD 476.43

  • EUR 479.86

  • RUB 8.07

  • CNY 70

19 Тамыз, 23:24:44
Алматы
+16°

Конституциядан Елбасы мәртебесі туралы норманы алып тастауды көздейтін заң осы жылдың соңына дейін қабылданады. Бұл туралы мәжіліс спикері Ерлан Қошанов мәлімдеді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан сайты.

Мәжіліс кулуарында журналистер спикерден тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебесіне қатысты референдумда мақұлданған түзетулер қашан қабылданатынын сұраған.
 
"Біз күзде қарастыруға кірісеміз. Жыл соңына дейін қабылдауымыз керек. Президент біздің алдымызға осындай міндет қойды", - деді Қошанов.
 
Айтуынша, әділет министрлігінде конституциялық және басқа да заңдарға өзгерістер енгізу бойынша жұмыс тобы құрылған. Мәселе осы жұмыс тобы аясында қаралады. Заң жобалары әзірге мәжіліске түспеген.
 
5 маусымда конституциялық түзетулер бойынша өткен бүкілхалықтық референдум нәтижесіне сай, елдің негізгі заңынан "Тұңғыш президент туралы" заңды жою арқылы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебесі туралы ережелер алынып тасталады.
 
Сондай-ақ қабылданған түзетулерге сәйкес Конституцияның 42-бабынан тұңғыш президентке мемлекет басшысы лауазымына қатарынан екі реттен артық сайлану құқығын беретін ереже күшін жояды. Сонымен қатар 46-баптан тұңғыш президенттің мәртебесі мен өкілеттігі Конституциямен және тиісті Конституциялық заңмен айқындалатыны туралы тармақ жойылады.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір