• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 16:24:04
Алматы
+35°

Шығыс Қазақстанда оқушылар жазғы демалыста қазақ, орыс және ағылшын тілдерін ойын түрінде үйрене алатын арнайы бағдарлама әзірленді. Бағдарламаның бірегейлігі – оның елде әлі аналогы жоқтығында. Оны құруға тек тіл мамандары ғана емес, сонымен қатар психологтар мен тәрбиешілер де тартылған.

Фото: ШҚО Ақпарат орталығы

Облыстық білім басқармасы мамандарының айтуынша, оқыту әдістемесі балалардың жасына және қызығушылықтарына сәйкес әзірленген. Осы жылдың шілде айынан бастап балалардың жазғы демалысының барлық алаңдарында (ал бұл 35 қала сыртындағы, 475 мектеп жанындағы лагерь, сондай-ақ 485 аула клубы, үйірмелер мен секциялар) сабақтар басталады. Оларды мәжбүрсіз атмосфера мен коммуникативтік ойындар, пікір-сайыс клубтары, түрлі байқаулар мен викториналар, шығармашылық шеберханалар секілді алуантүрлі материалдар тосып тұр. Сабаққа тілді меңгерген волонтер студенттерді тарту көзделген.

Фото: ШҚО Ақпарат орталығы

– Балаларының қазақ, орыс және ағылшын тілдерін ауызекі деңгейде болса да үйренуін қалайтын ата-аналардан өтініштер жиі келеді, – деп атап өтті Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов бағдарламаның таныстырылымында.

– Сабақтардың балалар үшін қолжетімді формада болуы маңызды. Өйткені ол жерлерде ауызекі сөйлеуге баса назар аударылатындықтан, балаларда тілді меңгеруіне мүмкіндік мол. Бағдарлама 2025 жылға дейін есептелген, оны іске асырудың алғашқы нәтижелері жаздың соңында белгілі болады, – деді өңір басшысы.

Фото: ШҚО Ақпарат орталығы
Айта кету керек, стандартты емес нұсқадағы тестілеу лагерь ауысымының басында және соңында өтеді, бұл білімнің өсу динамикасын дәл талдауға мүмкіндік береді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ШҚО тіл үйрену

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір