Фото: Ашық дереккөз
Жаңадан құрылып жатқан Ұлытау облысының әкімі Берік Әдіғалиұлы өңірде бірінші кезекте қолға алынатын істер туралы айтты.
– Ертең өңірге мемлекет басшысы да келгелі отыр. Сол кезде президенттің алдында көтеретін ең үлкен мәселе – Қызылорда-Жезқазған жолын созбай, тездетіп бастап, бітіру. Өйткені бағаның өзгеруіне байланысты жобаны қайта қарағылары келіп, өз тараптарынан жұмыс істеп жатыр. Екіншіден, экология мәселесі бар. Осы мәселені көтергіміз келіп отыр. Біз Арал өңіріне кіреміз, содан кейін гептил мәселесі бар. Экологиялық зардаптар дәлелденсе, қосымша әлеуметтік көмек көбейеді. Бұл үлкен қолдау болады. Үшіншіден, Жезғазған қаласының, жалпы өңірдің ауызсу мәселесі бар. Бізде инфрақұрылымдар әбден тозған. Жаңаарқа, Сәтпаев, Ұлытау, Жезқазған – бәрінде де кәріз жүйесі, су құбырлары әбден тозған. Осының бәрін Үкіметтің қолдауымен, "Қазақмыс» коропорациясы бар, бірігіп, тез арада шешуді негізгі міндет деп топшылап отырмыз", – деді облыс әкімі.
Берік Әбдіғалиұлы аталған жұмыстарға қажетті қаражатты үкіметтен сұрайтынын және жергілікті ірі кәсіпорындарды демеуші есебінде тарту көзделіп отырғанын жеткізді.
– Қазір халық санының өскеніне байланысты тұрғын үй мәслесін шешу керек болады. Қаражалда жол мәселесі, Жаңаарқада жаңа кәсіптер ашу, Ұлытаудағы су, электр проблемалары – қазіргі таңда ең алғашқы кезекте тұр. Қосымша қаражат сұраймыз, әрине. Өйткені бұл бір жылда ғана шешілетін мәселелер емес, алдағы 2-3 жылда істелетін жұмыс. Сондықтан біз оның бәрін жоспарлап, дәлелдеп, негіздейміз. Демеушілік қолдау да бар. "Қазақмыс", "Қазцинк", "Арселор Миттал" деген мекемелер бар. Олармен де жұмыс істейміз, – Берік Әбдіғаниұлы.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір