• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

14 Қараша, 22:23:46
Алматы
+12°

Бүгін Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарының әкімдері тағайындалды, деп хабарлады Ақорда сайты.

Абай облысын Нұрлан Телманұлы Ұранханов, Жетісу облысын Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев, ал Ұлытау облысын Берік Әбдіғалиұлы басқаратын болады.  

Тиісті жарлыққа президент қол қойды. 

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев 1962 жылы 4 желтоқсанда дүниеге келген. Ол бұған дейін парламент сенатының депутаты болған.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы болды. Ол 1965 жылы Семей қаласында дүниеге келген.

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлының соңғы қызметі – мәжіліс депутаты. Ол 10 кітаптың және қазақстандық және шетелдік ғылыми басылымдардағы 100-ден астам ғылыми жарияланымдардың авторы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір