• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 06:19:54
Алматы
+35°

Білім және ғылым министрлігі функциялар мен өкілеттігі бойынша екіге бөлініп, Қазақстанда жаңа министрлік пайда болды.

Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру, балалардың құқықтарын қорғау, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді цифрландыру саласындағы функциялар мен өкілеттіктер шоғырланып, Оқу-ағарту министрлігі құрылды.

Ведомствоны бұрынғы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов басқарады.

Ал жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, тіл саясаты, ғылым, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мен ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді цифрландыру саласындағы функциялар мен өкілеттіктер жинақталып, Ғылым және жоғары білім министрлігі құрылды.

Жаңа министрлікті ақпан айында ғана мәжіліс депутаты атанған Саясат Нұрбек басқарады.

Саясат Нұрбек 1981 жылы 18 мамырда Семей қаласында дүниеге келген. Маршаллтаун колледжін (АҚШ) саясаттану мамандығы бойынша, Л.М.Гумилев атындағы университетті "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша, Ла Сапиенца (Италия) университетін геополитика маманығы, "Көкше" академиясын психология мамандығы бойынша бітірген.

АҚШ, Сингапур, Бельгия, Жапония, Голландияда тағылымдамадан және біліктілікті арттыру курстарынан өткен.

Әр жылдары "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ инвестициялық жобалар саласында, президент әкімшілігінде Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорында, Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінде, Білім және ғылым министрлігі Халықаралық бағдарламалар орталығында "Нұр Отан" партиясының Қоғамдық Саясат институтында,  Алматы қаласы әкімдігі ішкі саясат басқармасында, Астана Халықаралық Қаржы орталығында, BTS Education компаниясында басшылық қызметтер атқарған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Саясат Нұрбек

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір