• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 09:01:41
Алматы
+35°

Әділет вице-министрі Алма Мұқанова орталық коммуникациялар қызметінде "Екінші республика. Жаңа саяси модельге көшу" тақырыбымен өткен брифингте 5 маусым күнгі референдум арқылы қабылданған заңдық нормалардың күшіне ену барысы туралы айтты.

Алма Мұқанова референдумға шығарылған конституциялық өзгерістер қабылданғанын атап өтті.

Конституцияға енгізілетін нормалардың бірі парламентті құрылымдауға байланысты болған. Ел арасында референдум өткен соң ұзамай VIІ шақырылымдағы парламент тарап, жаңа сайлау өтетіні туралы әңгіме желдей ескен. Алайда Алма Мұқанова парламентті тарату мәселесі күн тәртібінде тұрмағанын, жаңа нормалар VIІІ шақырылымдағы парламентті жасақтау кезінде әрекет ететінін айтты.

– Конституцияға енгізілген өзгерістер VIІІ шақырылымдағы парламент мәжілісі депутаттарын сайлаудан бастап қолданылатын болады. Жұмыс істеп жатқан VIІ шақырылым 2026 жылдың І жартыжылдығының соңына дейін өз қызметін жалғастырады. Қазір VIІ шақырылымды тарату бойынша сұрақ қойылып отырған жоқ, – деді вице-министр.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: мәжіліс парламент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір