• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 14:10:11
Алматы
+35°

Шымкент қаласының экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымовқа қатысты қылмыс іс қозғалған. Ақпаратты Алматы қалалық полиция департаменті растады. 

20 мамырда Kozachkov offside Telegram-арнасы Әбдірахымовқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жазған болатын. 

Алайда журналистің ақпаратын бас прокуратура теріске шығарып, экс-әкімге қатысты рейдерлік әрекет бойынша іс қозғалмағанын мәлімдеген. Әбдірахымовтың үстінен рейдерлік емес, алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды
 
"19 мамырда Forbes журналының  ең табысты 50 бизнесмен қатарындағы кәсіпкер Сайдулла Қожабаев құқық қорғау органдарына жүгініп, арызданған. Кәсіпкер 5 адам өзінен 2-3 миллион доллар ақша алғанын мәлім еткен. Аталған адамдардың ішінде Кәрім Мәсімов пен Ғабидолла Әбдірахымов та бар екен. Негізі олар 10 миллион доллар сұрапты" деп жазды журналистМихаил Козачков. 
 
Алматы қалалық полиция департаменті Қожабаевтың арызы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-бөлігі (Алаяқтық, аса ірі мөлшерде) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
 
"Бұл қылмыс үшін 5 жылдан 10 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бұдан бөлек, мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыруы мүмкін. Бас прокуратура бұл алаяқтық бойынша қылмыс болғандықтан, алғашқыда ақпаратты теріске шығарған болар" делінген журналистің жазбасында. 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір