• USD 476.71

  • EUR 467.03

  • RUB 8.36

  • CNY 67.1

02 Қазан, 09:46:48
Алматы
+3°
Технология саласындағы әлемдік алпауыт Apple компаниясы смартфондарға арналған iOS16 операциялық жүйесіне қазақ тілін қосты. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар мен аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті.
 
 
"Бүгін Apple әлем күткен жаңашылдықты жария етті. Біздің ел үшін бұл презентация аса маңызды, себебі жаңа iOS16 операциялық жүйесіне ҚАЗАҚ ТІЛІ қосылды, автотүзету функциясымен. 2019 жылы ресми тізімге енгізілсе, енді жасанды интеллекттің автоматты түрде түзететін функцияларымен іске қосылды. Бұл – қазақтілді қолданушылар саны артып, ана тілімізді әлем мойындап жатыр деген сөз" деді министр әлеуметтік желідегі парақшасында.
 
 
Коммуникация саласы бойынша сарапшы Айбар Олжаев Iphone-да қазақ тілінің пайда болатыны қазақ тілінің болашағына деген халықаралық сенімнің белгісі екенін айтады.
 
 
"Қазақ тілі енді ешқашан өлмейтін болды және барлық дағдарысты еңсеріп шықты. Себебі, әлемдік бизнес процесстерде қазақ тілін елеу, санасу трендтері басталып кетті. Apple өзінің IOS операциялық жүйесіне қазақ тілін системалық тіл қылып енгізіп отыр. АҚШ ішкі жалпы өнімінің 6 пайызын беріп отырған Apple әлемде Saudi Aramcoдан кейінгі ең қымбат компания. Ал Iphone – ең атаулы смартфон. Қазақ тілінің оған ілінуі – оның болашағына деген халықаралық сенімнің белгісі. Жалпы, мамыр-маусым айлары қазақ тіліне көптеген жақсы жаңалықтар алып келді. Apple-ді айттық, одан бөлек, Nickelodeon қазақшаға ауысты. Қазақтілді коммуникация маманы болғандықтан, биылдан бастап тілі қазақшаланбаған көптеген әлемдік ірі бренд, компаниялар тарапынан меннен кеңес сұрау, аудиторияның ерекшеліктерін білуге деген сұраныстар көбейді. Сондықтан, тренд дегенде – мен шынымен де көзбен көріп, қолмен ұстаған нәрсемді айтып отырмын" дейді маман желідегі жазбасында.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір