• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 01:31:01
Алматы
+35°

Өскемендіктер белсенді дауыс беріп жатыр. Қоғамдық ұйымның өкілі Руслан Абдрасулин таңғы жетіден бастап шаһар тұрғындары республикалық референдумға ерекше ықыласпен қатысып, өз таңдауларын жасап жатыр дейді.

«Әсіресе егде тартқан қариялар референдум учаскесі таңғы сағат 7:00 де ашылғалы бері көптеп келуде. Қазіргі сәтте дауыс берушілердің белсенділігі арта түсті. ШҚО Өскемен қаласының №17 учаскесінде барлығы заң талаптарына сәйкес өтіп жатыр. Референдумда дауыс берушілер санаулы минуттар ішінде өздерін тізімнен тауып, өз таңдауларын жасауда» дейді Қоғамдық ұйымның өкілі Руслан Абдрасулин.

ШҚО Ақпарат орталығы

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Референдум

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір