01 Маусым, 2022 NEWS
Фото: ШҚО Ақпарат орталығы
Бүгін Қазақстанда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. 31 мамыр әрбір қазақстандық үшін ел өміріндегі қайғылы оқиғалар туралы еске алу күні болды. Жүздеген мың адам әділетсіз сотталып, қудаланып, ашаршылыққа ұшырады. ШҚО әкімі Даниал Ахметов қуғын-сүргінге ұшыраған қазақстандықтардың отбасыларымен кездесіп, кінәсіз сотталған адамдарды ақтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
"Әділетсіз сотталғандарды есте сақтай отырып, біз тәуелсіздігіміздің негізі болып табылатын жарқын болашақты құра аламыз. Өткен ғасырдың ең қатыгез трагедияларының бірінде жазықсыз зардап шеккендердің барлығына құрмет көрсету – әрқайсымыздың парызымыз" - деп атап өтті Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.
Сол қайғылы жылдары Қазақстан миллиондаған түрлі ұлт пен дін өкілдерін қабылдады. Күштеп жер аудару барысында бес миллионға жуық адам қазақ жерінен пана тауып, Жаңа Отанына ие болды.
Бүгін Өскемен қаласындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайында маңызды іс-шара өтті. Шақырылғандардың ішінде репрессия, депортация құрбандарының ұрпақтары мен облыстық Достық Үйінің этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, сондай-ақ студенттер мен оқушылар болды.
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2020 жылы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылғаны белгілі.
"Шығыс Қазақстан өңірлік комиссиясы бір жарым жыл ішінде 373 қорды зерделеп, 19 мыңнан астам материалды қарады. 1213 іс дайындалып, мемлекеттік комиссияның қарауына жіберілді. Бұл жай ғана статистика емес, жай ғана іс емес – бұл адамдардың тағдыры, біз олардың есімдері ақталып, ұрпақтары алдында тарихи әділеттілікті қалпына келтіруіміз керек" деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.
Кездесу барысында қатысушылар қуғын-сүргінге ұшырағандардың нақты оқиғаларымен, сотталғандардың тұрмыста пайдаланған заттарымен, туған-туысқандары үшін жазылған хаттармен танысты. Репрессияға ұшыраған Бижамал Абесов пен Лидия Рооттың ұрпақтары өз естеліктерімен бөлісті.
"Біздің атамыз Кәрім Құндақбаев Зайсан ауданының Кеңсай ауылында қарапайым жұмысшы отбасында дүниеге келген. Іскерлігі мен ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында алдымен Большенарым аудандық партия комитетінің екінші хатшылығына, кейін Көкпекті аудандық партия комитетінің бірінші хатшылығына тағайындалды. Өкінішке орай, 1937 жылдың 7 желтоқсанында Кәрім Құндақбаев тұтқындалды. 1938 жылы ол атылды. Кезінде саяси қуғын - сүргіннің құрбаны болған атамыз Кәрім Құндақбаевтың өмір тарихы мұқият зерделеуді талап етеді" - деді Бижамал Әбесова.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мұражай 2012 жылы Өскемен қаласында ашылды. Барлық экспонаттар сол қайғылы жылдары қайтыс болғандардың туыстарынан алынды.
ШҚО Ақпарат орталығы
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір