• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 18:11:55
Алматы
+35°

Ресей СІМ Сергей Лавров президент Владимир "Путиннің денсаулығы сыр беріп жүр" деген ақпаратты растамады деп жазады Le HuffPost.

 

– Мен ақыл-есі дұрыс адам Путиннен қандай да бір аурудың белгісін байқайды дегенге сенбеймін. Ол үнемі халық алдында жүреді. Сіздер оны телеарналардан көре аласыздар, жасаған мәлімдемелерін оқып, ести аласыздар. Мұны осындай қауесет таратқандардың ар-ұятына қалдырамын, – деді Лавров франциялық TF1 телеарнасына берген сұхбатында. 

 

Бұған дейін Ресей президенті "ауырып, бастапқы жоспары орындалмағанына ашулы екені" туралы ақпарат тараған. Ұлыбританиялық The Sun, Daily Star, Mirror және Express газеттерінде Путин қайтыс болуы мүмкін екені хабарланған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір