• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 08:09:48
Алматы
+35°

Облыстың дамуында сапалы жол-көлік логистикасы ерекше ма­ңызға ие. 2021 жылы Өскемен қала­сындағы әуежай ауқымды реконструкциялаудан өтіп, ұшу-қону жолағы күрделі жөндеуден өтсе, ал 2022 жылы Үржар ауылындағы ұшу-қону жолағын қайта жаңарту жұмыстары аяқталды.

Алдағы уа­қытта Зайсан қаласындағы әуежайды қайта жаңарту жоспарланған.

Инфрақұрылымды дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы шең­берінде Бұқтырма су қоймасы арқы­лы өтетін көпір салу, Семей қала­сында автожол көпірін салу сияқты жалпы инвестиция көлемі 218 миллиард теңгені құрайтын ауқымды жобалар іске асырылатын болады.

Қомақты қаражат республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, сондай-ақ елді мекендер жолдарын дамыту­ға, оның ішінде «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында шалғай ауылдардағы көшелерді жөндеуге бағытталмақ.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ШҚО Әуежай құрылысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір