• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 16:23:05
Алматы
+35°

ШҚО-да  жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесі 89 пайызға жетті. Бұл жалпы республикалық көрсеткіштен әлдеқайда жоғары.

2021 жылы жалпы сомасы 57,5 млрд теңгеге 1,5 мың шақырымнан астам жол жөнделді, оның 618 шақырымы пайдалануға берілді. 35,8 млрд теңгеге республикалық маңызы бар Талдықорған – Қалбатау – Өскемен бағытындағы 1,1 мың км автожолды қайта жаңарту жалғасуда. 454 шақырым автожолдың 380 шақырымы жөнделді, Қалбатау-Майқапшағай бағытында 415 шақырымның 128 шақырымы жөнделді, Таскескен-Бақты жолының 20 шақырымы жөнделді. Орташа жөндеумен 6,8 млрд. теңгеге 185 км жол қамтылды.

Жергілікті маңызы бар жолдар мен елді мекендердің көшелеріне ерекше көңіл бөлінді – 413 км 17,6 млрд теңгеге жөнделді. Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің құрылысы жалғасуда.

Жалпы, автомобиль жолдарының жағдайы аймақ билігі жұмысының тиімділігінің басты индикаторларының бірі. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ШҚО

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір