• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 21:31:33
Алматы
+35°

Қазақстан Қырғызстанға әскери және техникалық көмек көрсетеді. Бүгін парламент Сенатында Қырғызстанға әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісім ратификацияланды. Ратификациялау бюджеттен қосымша қаражат бөлуді қажет етпейді. 

– Келісімге 2021 жылғы 7 желтоқсанда Жоғарғы Бас Қолбасшының тапсырмасымен Қырғызстан тарапынан әскери-техникалық көмек көрсету туралы сұрауын іске асыру мақсатында қол қойылды. Келісім бойынша әскери мүлік бір мәрте беріледі. Оның атауы мен көлемі дипломатиялық арна арқылы келісілді. Қазақстан тарапы мүлікті Қырғызстанның Қойташ елдімекеніне дейін автокөлікпен жеткізеді. Шығынды өзі көтереді. Қырғызстан тарапы алған мүлікті тек қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін пайдалана алады, үшінші тарапқа бермейді. ТМД қатысушы мемлекеттерге қарсы қолданбайды. Орталық Азияға іргелес аумақта шиеленіс болғанда, өңірлік қауіпсіздікке сын-қатер төнген жағдайда әскери-техникалық көмек көрсету Қырғызстан қарулы күштерінің оған тойбарыс беруіне, Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді, - деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов Сенат отырысында.

Бұл келісімге Қырғызстан тарапының әскери-техникалық көмек көрсету туралы өтініші негізінде қол қойылды. Ол дипломатиялық арналар арқылы атаулары мен көлемі келісілген әскери мүлікті бір реттік тұрғыда беруді қарастырады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір