• USD 465.08

  • EUR 488.75

  • RUB 9.1

  • CNY 69.43

29 Маусым, 21:33:11
Алматы
+23°

Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҰҚК қайта құруға бағытталған "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы" жарлығының мәтіні жарияланды.

Құжатта қайта ұйымдастырылатын мекемелердің тізбегі көрсетілген:

  • "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпаратты техникалық қорғау орталығы" мекемесі мен "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы" мекемесін қосу арқылы "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпаратты техникалық қорғау және мемлекеттік құпияларды қорғау саласында мамандар даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесін құру:
  • "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Ақтау" жабдықтау басқармасы" мекемесін бөліп шығару арқылы "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті" мекемесін құру;

  • "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Алматы" жабдықтау басқармасы" мекемесін бөліп шығару арқылы "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті" мекемесін құру;
  • "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Жаңғызтөбе" жабдықтау басқармасы" мекемесін бөліп шығару арқылы "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" мекемесін құру;

  • "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиация қызметінің Авиациялық басқармасы" мекемесін қосу арқылы "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Авиация қызметі" мекемесін құру.

17 мамырда президент "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы" № 893 Жарлыққа қол қойған. Құжатта Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін жетілдіруді көздейтін президенттің 15 жарлығына түзетулер енгізілген. Оған сай, ҰҚК жаңартылған құрылымы бекітіліп, жекелеген мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылып,  оңтайландырылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір