• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:17:18
Алматы
+35°

АҚШ-тың Техас штаты Ювальд қаласындағы мектептердің бірінде атыс болып 19 бастауыш сынып оқушысы мен 1 мұғалім қаза тапты.

Сондай-ақ 13 оқушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. 65 жастағы әйел мен 10 жастағы оқушының жағдайы ауыр.

Шабуыл жасаған 18 жастағы Сальвадор Ромас оқиға орнында қаза тапқан. Жергілікті БАҚ-тың дерегіне сүйенсек, ол атыс болған мектептің жоғары сыныбында оқыған. Бұдан бөлек, мектепке келмес бұрын Сальвадор Ромас өзінің әжесін атып өлтіргені туралы деректер бар. Жасөспірім неліктен мұндай әрекетке барғаны әзірге белгісіз. 

АҚШ президенті Джо Байден атыс кезінде қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, қару-жарақ саудасын шектеу туралы заңды қабылдауға тосқауыл болып отырған қару-жарақ лоббиіне қарсы шара қолдануға шақырды. 

Джо Байден қаза тапқандарды аза тұту белгісі ретінде Ақ үй мен басқа да қоғамдық ғимараттардың үстіндегі мемлекеттік туларды төмен түсіруді бұйырды.

Дереккөз: Reuters 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір