• USD 465.08

  • EUR 488.75

  • RUB 9.1

  • CNY 69.43

29 Маусым, 21:42:18
Алматы
+23°

Сейсенбіде Ресей күштері Украинаның шығысындағы бауырлас қалаларды басып алу үшін ауқымды шабуылды бастады. Бұл ұрыс Мәскеудің Шығыстағы іс-қимылының жеңісін немесе сәтсіздігін көрсетуі мүмкін, деп жазады Reuters агенттігі.

Путин Украинаға әскерін кіргізгеніне 3 ай толған шақта Украина билігі елдегі үлкендігі жөнінен екінші қаладағы жерасты метросын ашпақ. Ол жерде мыңдаған бейбіт тұрғын айлап жансауғалап жатқан.

Бұл – Украинаның соңғы апталардағы ірі әскери табысы болып саналады. Ресей әскері наурызда Киев түбінен артиллериялық күштің көмегімен қалай шегінсе, Харьковте де сол жағдай қайталанды.

Алайда Reuters соғыстың соңғы фазасының шешуші ұрысы оңтүстікте болатынын жазады. Ақпарат агенттігі Мәскеу Донбассты, оның ішінде Донецк пен Луганскты басып алып, украиндық күштерді шығыстағы басты фронтта тұзаққа түсіруді көздейді деп атап өтті.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Украинадағы жағдай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір