• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 19:38:28
+35°

Әртіс, әзілкеш Тұрсынбек Қабатов саяси партия құрғалы жатқаны туралы ақпаратты теріске шығарды.

 

– Бұл туралы осы қазір сіздің аузыңыздан естіп отырмын. Мен өзім гостролдік сапарда жүрмін. Партия ашқаны несі?! Саясатқа араласу ойымда да жоқ. Партия құру жөніндегі ақпарат – жалған. Біреулердің еріккеннен жасап жүрген әңгімесі шығар, – деді Қабатов Қамшы тілшісіне.

 

Бұған дейін "Адырна", Kznews.kz ақпарат порталдарында Тұрсынбек Қабатов "Абырой" деген атпен партия құратынын туралы ақпарат шыққан.

"КВН жұлдызы ұлты мен дініне қарамастан Қазақстанның барлық тұрғындарының басын біріктіруге ниетті. Алдын ала мәліметтер бойынша, партия бағдарламасында өзге міндеттердің қатарына бірліктің бірегей қазақстандық моделін сақтап қалу және арттыру, елде өмір сүретін барлық халықтардың арасындағы берік достықты күшейту кіреді" делінген аталған порталдардағы ақпаратта.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір