• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:18:07
Алматы
+35°

Израил мен Швейцариядан маймыл безгегі анықталды. Бұдан бөлек тағы 14 мемлекетте індетті жұқтырғандар тіркелген деп жазады BBC

Израил мен Швейцарияда маймыл безгегін жұқтырғандардың дені жақында шетелден келгені анықталды. 

Маймыл безгегі Орталық және Батыс Африка елдерінде жиі кездеседі. Сондықтан бұл ауруды басқа елдерге осы аймақтан келген адамдар мен жануарлар тасымалдайды. 

Өткен аптада АҚШ, Канада, Испания, Португалия, Ұлыбритания, Франция, Италия, Швеция және Австралия билігі маймыл безгегін анықтады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы алдағы уақытта аурудың тез таралып, науқас санының артатынын ескертті. 

Маймыл шешегі – дене жұғысуы немесе тамшылар арқылы ауамен берілетін, дене қызуын көтеретін, бас пен бұлшықетті ауыртып, соңы жаппай бөртпеге ұласатын дерт.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: маймыл безгегі ДДСҰ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір