• USD 472.14

  • EUR 498.39

  • RUB 7.65

  • CNY 67.93

10 Желтоқсан, 00:56:46
Алматы
-11°

Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері Георгий Константинович, Нурия Ниязова, Расул Ахметов

Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясында Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері Георгий Константинович, Нурия Ниязова, Расул Ахметов және осы жоғары оқу орнының ұстаздары мен студенттері, қоғам белсенділері бас қосты.

Жиынға қатысушылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан Жаңа Қазақстанның берік құқықтық іргесін қалауға бағытталған Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді көздейтін жалпыхалықтық референдумның маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті.

Референдумның маңызы, қажеттілігі жөнінде Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі, грек этно-мәдениетінің Алматы қаласындағы жетекшісі Георгий Константинович мәлімдеді.

– Біз осындай форматта кездесіп, жастармен жүздесіп отырғанымызға қуаныштымыз. Конституция ең маңызды құжат. Біздің қолданыстағы Ата-Заңымыз 1995 жылы қабылданды, содан бері қаншама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бірақ оларда бүкілхалықтық мүдде қамтылмаған еді. Міне, биылғы референдум сол оқылықтардың орнын толтырып, Конституциямызда халықтың мүддесі ескерілмек. Президентіміздің «халық болып ақылдасайық, бірге отырып бірлесе шешейік, өзгерістер енгізейік» деген бастамасы құптарлық. Құқықтық дамыған елде ғұмыр кешуді бәріміз қалаймыз. Сондықтан, ортақ іске жұмылайық, бір кісідей атсалысайық, – деді спикер.

Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы студенттері

Референдумның қоғам өміріне үлкен өзгерістер әкелері анық. Бұл жөнінде жиынға қатысушылар арасында қызу пікірталас өрбіді, жастар осынау жалпыхалықтық шараның маңыздылығын атап өтіп, референдумды қоғамды демократиялық ілгерілеуге бағыттайтынына сенімді

– Бұл өмірдің заңдылығы. Әсіресе мемлекетімізді дамытушы күш – жастар. Сондықтан, біз елде болып жатқан өзгерістерден шет қалмауымыз керек. Бұл патриотизмнің үлкен белгісі деп білеміз. Баршамыз 5 маусымдағы референдумға қатысып, таңлауымызды жасаймыз, – деді ҚХА мүшесі Нурия Ниязова.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: референдум

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір