• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 07:41:08
Алматы
+35°

Telegramчаттарда 5 маусымда өтетін республикалық референдум барысында Нұрсұлтан Назарбаев отбасының барлық мүшелеріне қол сұғылмаушылыққа кепілдік беретін және азаматтардың салықтары есебінен оларды өмір бойы асырауға мүмкіндік беретін түзетулер қабылданатыны туралы ақпарат тарады. Әділет министрлігі ақпараттың жалған екенін хабарлады, деп жазады Stopfake сайты.

Әділет министрлігінің мәліметінше, тұңғыш президент мәртебесіне қатысты конституцияға енгізілетін түзетулер жобасына сәйкес үш норманы өзгерту ұсынылған:

1) 42-баптың 5-тармағының екінші бөлігі алып тасталады (бір адам қатарынан екі реттен артық республика президенті болып сайлана алмайды. Бұл шектеу Қазақстан Республикасының тұңғыш президентіне қолданылмайды)

2) 46-баптың 4-тармағы алып тасталады. Онда тұңғыш президенттің мәртебесі мен өкілеттіктері республика конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалатыны жазылған. Қазіргі уақытта тұңғыш президенттің құқықтық мәртебесі "Қзақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" жеке конституциялық заңмен реттеледі. Тұңғыш Президентке және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне жеке меншік құқығымен тиесілі мүлікке қол сұғылмаушылық аталған Конституциялық заңда белгіленген. Өз кезегінде, аталған норма Конституциядан алып тасталған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасын Конституция нормаларына сәйкес келтіру үшін осы заңды жою қажет болады.

3) Тұңғыш президенттің аталуы Конституцияның 91-бабының 2-тармағынан алып тасталады (Конституцияда белгiленген мемлекеттiң тәуелсіздігі, Республиканың бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығы, оны басқару нысаны, сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанның Негізін салушы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – елбасы іргесін қалаған Республика қызметінің түбегейлі принциптері және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәртебесі өзгермейді).

"Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, Конституцияға енгізілетін түзетулер жобасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне және оның отбасына жаңа кепілдіктер беруді көздемейтінін хабарлаймыз. Керісінше, Конституцияға өзгерістер енгізу туралы заң жобасында Тұңғыш Президент мәртебесіне қатысты барлық нормаларды алып тастау ұсынылды" делінген министрліктің StopFake.kz-тің сауалына берген жауабында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір