• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

13 Қараша, 06:31:11
Алматы
+12°

Алматы облысының әкімшілік орталығы болған Қонаев қаласында 2025 пәтерге арналған 59 көп қабатты үй салынады. Бұл туралы қала әкімі Нұрлан Құмабаев QAPINFO желілік басылымына мәлім етті.

Қала әкімінің айтуынша, қазіргі таңда жекеменшік мердігер есебінен 120 пәтерге шақталған көпқабатты үш үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бұдан бөлек 60 пәтерлік ондаған үйдің жобасы жасалу үстінде.

Сондай-ақ кәсіпкерлер 2020-2023 жылдар аралығында өз қаражатына 43 көпқабатты үйді тұрғызады деп жоспарланған. Ол жерде 1125 шаңырақ тұрады деп күтіліп отыр.

"Сонымен қатар қаладағы "Самал" және "Ардагер" ықшамаудандарында инженерлік-коммуналдық желілерді тарту бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр. Бұл –аталған ықшамаудандарда қосымша тұрғын үйлер бой көтеретінін білдіреді" делінген ақпараттық хабарламада.

Нұрлан Құмабаев қала облыс орталығы болатыны жарияланғалы қымбаттаған үй бағасы құрылыс қарқынды жүріп, нарықтағы сұранысты қамтамасыз етілетіндіктен арзандайтынын айтады. Сондай-ақ әкім қазіргі қымбатшылық негізсіз екенін, халықтың қаржылай мүмкіндігі үй құнының төмендеуіне әсер ететінін жеткізді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қонаев қаласы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір