• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:49:25
Алматы
+35°
Мұғалім өзі қандай газет немесе журнал жазып, оқуды шешеді. Оны басылымға еріксіз жазылуға мәжбүрлеуге болмайды, деп атап өтті ӨКҚ алаңында ШҚО Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Зейнеп Махсутова.
 
"Педагог мәртебесі туралы" заңда педагогтардың құқықтары, әлеуметтік кепілдіктер, шектеулер, міндеттер, сондай-ақ жауапкершілігі белгіленген. Ағымдағы жылдың сәуір айында осы нормаларды іске асыру үшін ҚР Білім және ғылым министрінің "Педагогтердің құқықтарын бұзуға жол бермеу туралы" № 172 бұйрығы қабылданды, соған сәйкес білім беруді басқару органдарына (яғни, басқармаға және білім беру бөлімдеріне) және білім беру ұйымдарына педагогтерді лауазымдық нұсқаулықтарда көзделмеген жұмыс түрлеріне тартуға қатаң тиым салынған.
 
"Мысалы, қоу жылы аяқталып, мектептерде жөндеу кезеңі жақындап келеді, оның барысында педагогтерді жөндеу жұмыстарына жиі тартады. Педагогтер жүргізуге міндетті құжаттар тізбесінде көзделмеген есептілікті талап етуге, педагогтердің лауазымдық нұсқаулықтарда көзделмеген 130 бұйрыққа сәйкес электрондық құжаттарды басып шығаруға жол берілмейді. Сондай-ақ әкімдік тарапынан баспа басылымдарына жазылу қажеттігі туралы "тапсырмалар" аудандық (қалалық) білім бөлімінің меңгерушілеріне, директорларға, меңгерушілерге түспеуге тиіс"  деп атап өтті Зейнеп Махсутова.
 
Нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзу фактілері анықталған жағдайда, "Педагог мәртебесі туралы" Заңда және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексте тиісті тәртіптік ықпал ету шаралары көзделінбек. Егер артық есептілікке, газеттер мен журналдарға мәжбүрлеп жазылуға, кәсіби міндеттерге кірмейтін жұмыс түрлеріне тарту, лауазымдық міндеттермен байланысты емес есептілікті немесе ақпаратты талап ету фактілері бойынша педагогтар ШҚО Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне жүгіне алады.
 
Сондай-ақ баспасөз конференциясында 2021 жылдан бастап білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау рәсімі қайта жанданғаны жайлыда сөз болды. Мемлекеттік аттестаттау-білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметтерінің білім берудің тиісті деңгейінің МЖМБС талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында жүзеге асырылатын рәсім. Мемлекеттік аттестаттау 5 жылда бір рет өткізіледі. Бұл аттестаттаудың ерекшелігі білім беру ұйымында бармай-ақ профилактикалық бақылау жүргізу болып табылады.
 
2021 жылдың қараша айынан бастап 50 білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттау өткізілді. Мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша 50 білім беру ұйымынан-12 (24%) - аттестатталған, 38 (76%) - аттестатталмаған. Аттестатталмаған 38 білім беру ұйымының 11-інде қайта аттестаттау өткізілді, оның қорытындысы бойынша 2 мектеп, 2 балабақша қайта аттестатталмады. Барлық білім беру ұйымдарына ескертулерді жою бойынша ұсынымдар жолданыпты. Және ШҚО Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне мұғалімдерден мемлекеттік аттестаттауды оң өткізу үшін ақша жинау туралы шағымдар келіп түскен екен. Білім беру ұйымдары үшін мемлекеттік аттестаттау тегін өткізіледі. Ал ақша қаражатын жинайтын білім беру ұйымдарына шаралар қабылданатын болады.
 
Білім беру ұйымының бір бастамашыл басшысына шаралар қабылданғанын Зейнеп Махсутова  брифингте айтып өтті. Сондай-ақ соңғы қоңырау мерекесі республиканың барлық мектептерінде 25 мамырда, аттестатты салтанатты тапсыру-16-17 маусымда өтеді.
 
"Аттестатты салтанатты түрде тапсыру мектеп қабырғасында ғана өтуі керек. Және аниматорларға, әртістерге қаржы жинауға, мейрамханаларды жалға алуға және басқа да шығындарға тыйым салынады. Сонымен қатар ҚР президенті Қасым-жомарт Тоқаевтың жарлығымен 5 маусым күні еліміздің конститутциясына өзгеріс енгізу бойынша республикалық референдум өтетіні баршамызға мәлім. Референдумның жұмыстарына мұғалімдерді тартуға тиым салынады. Егер ұстаз өз еркімен науқанға қатысамын десе рұқсат етіледі. Немесе атқарлған жұмысына қарай тиісінше ақы төленуі керек" деді Зейнеп Махсутова.
 
ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ШҚО педагог статусы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір