• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:02:48
Алматы
+35°

Forbes Kazakhstan журналы елдегі дәулетті адамдардың дәстүрлі рейтингін жариялады. Рейтингтің алдыңғы сапында айтырлықтай өзгеріс жоқ. Көшті әдеттегідей Владимир Ким ($5 млрд) бастап, Тимур Құлыбаев ($3,9 млрд), Динара Құлыбаева ($3,9 млрд), Вячеслав Ким ($3,2 млрд), Михаил Ломтадзе ($3 млрд), Болат Өтемұратовтармен ($2,8 млрд) жалғасып кете береді.

Forbes тергеліп жатқанына байланысты дүние-мүлкі бұғатталуы мүмкін болғандықтан тізіміне Қайрат Сатыбалды (2018 жылғы рейтингте №47) мен Қайрат Боранбаевты (2021 жылғы рейтингте №14) қоспаған. Ал олардың орнын толтырғандар арасында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жақындары бар.

Мәселен, Дариға Назарбаева рейтингке қайта оралып, 13 сатыға жайғасқан. Оның байлығы 584 миллион долларға бағаланған. Оның түрлі салада кәсіптері көп, әсіресе медиакеңістікте бірнеше ірі жобаларға иелік етеді. "Европа плюс Казахстан", "Телерадиокомпания Радиосити", "Независимый Телевизионный Канал" (НТК телеарнасы) секілді компаниялар толықтай немесе жартылай меншігінде. Бұдан бөлек "DLS Group холдингтік компаниясы", "Регион-Медиа", "A-Service Management" (елордадағы Думан қонақ үйі) компанияларының кейбіріне бүтіндей, кейбіріне жартылай иелік етеді.

Рейтингке енген Назарбаев әулетінің кезекті өкілі Болат Назарбаевтың ұлы – Нұрбол Назарбаев. 38 жастағы кәсіпкердің байлығы 160 миллион долларға тең. "Prime Capital Invest", "Корпорация Үш Қоңыр Инвест" компанияларының иесі. "PLS инвестиционно-строительная компания", "PLS-TM" компаниялары негізгі акционерлерінің бірі.

Бұдан бөлек рейтингке Дариға Назарбаеваның үлкен ұлы Нұрәли Әлиев биыл да енген. Ол 263 мың доллар байлықпен тізімнің 26 сатысында тұр.

Рейтинг басындағы Тимур Құлыбаев Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеубаласы, Динара қызы екені бәріне белгілі. Сондай-ақ жоғарыда аты аталған Владимир Ким, Вячеслав Ким, Болат Өтемұратов секілді миллиардерлер Н.Назарбаевтың жақын адамдары деген әңгіме бар. Сондай-ақ ел арасында Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі де елдегі ең бай адамдардың бірі екені туралы әңгіме желдей еседі. Соңғы уақытта Нұрсұлтан Назарбаевтың байлығы туралы түрлі журналистік зерттеулер шыға бастады. Оларда НӘН тек өзі басқаратын қорлар арқылы ғана бірнеше миллиард долларға иелік ететіні туралы айтылады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Forbes Kazakhstan рейтингі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір