• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:40:29
Алматы
+35°

Жеңіс күні қарсаңында ШҚО әкімі Семей қаласына келіп, Ұлы Отан соғысының ардегерлерінің үйлеріне барып мерекелерімен құттықтады.

Облыс әкімі Семей қаласына келіп бірінші Рашида Хасанованы құттықтады.

Рашида Ашрафовна 1932 жылы 14 наурызда дүниеге келген. Сегізінші сыныпты аяқтап кітапханашы болып жұмыс істеген.

Фото: Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

Екіжылдық мұғалімдер институтын аяқтағаннан кейін сол уақыттағы Жаңасемей ауданының Бұлақ ауылына жолданған. Содан кейін педагогикалық институттың физика-математика факультетіне оқуға қабылданған. Институтты аяқтағаннан кейін Түрксіб мектебіне оқу ісінің меңгерушісі лауазымына жолданды. Сегізжылдық мектепте директор лауазымында жұмыс атқарды. 1973 – 1988 жылдары, құрмет демалысына шыққанға дейін, Рашида Ашрафовна мұғалімдердің біліктілігін арттыру институтын басқарды.

«Құрмет белгісі» орденімен, «Еңбек ардагері», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен, облыс және қала әкімдерінің грамоталарымен, «КСРО және ҚазКСР білім беру ісінің үздігі», «Ұлы Отан соғысының ардагері» төсбелгілерімен марапатталған.

97 жастағы соғыс ардагері Матвей Юрченко өңір басшысына өзінің жауынгерлік жолу туралы айтып берді.

Матвей Юрченко 1925 жылы 20 тамызда дүниеге келген. 1943 жылдың 8 наурызында Красноярск өлкесінің Минусинский аудандық әскери комиссариатымен әскер қатарына шақыртылған. 1943 - 1945 жылдары 229 атқыштар полкі қатарында Екінші Украина майданында шайқасқан. Жауынгерлігі ерлігі үшін ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен және «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.

Фото: Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

ШҚО әкімі Жеңіс күнімен 96 жастағы соғыс ардагері Асқар Рахымбаевты құттықтады. 1941 жылы Асқар Рахымбаев Ақсуат аудандық әскери комиссариаты арқылы әскерге шақыртылған. 378 әскери бөлімнің қатарында Шығыс майданында шайқасқан. Румынияны, Брашева және Мишельді фашистік германиядан азат етуге қатысқан.

Жауынгерлік ерлігі үшін «Отан соғысы» орденімен, «Германияны жеңгені үшін», «Мінсіз еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған. Ардагердің 10 бала, 27 немере, 43 шөбере, 2 шөпшегі бар.

Облыс басшысы соғыс ардагерлерін және тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнімен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі және бір жарым миллионның сертификатын, тұрмыстық техника және азық-түлік корзинасын табыстады.

Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шқо

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір