• USD 468.98

  • EUR 493.74

  • RUB 7.59

  • CNY 66.79

05 Желтоқсан, 01:43:12
Алматы
-7°

Фото: Херсон қаласының тұрғыны ресей оккупациясына қарсылығын білдіруде. 5 наурыз, 2022 жыл. AP

Украинаның оңтүстігіндегі Херсон қаласындағы облыстық кеңес төрағасы Александр Самойленко аймақты басып алған ресейліктер 9 мамырды тойлауды жоспарлап жатқанын айтты.

Олар азаматтарға "ұрандар, әндер, билер үйретеді" деді Александр Самойленко Киевтің "Униан" ақпараттық агенттігіне.

"Бірақ олар актерлерді Қырымнан немесе басқа аймақтардан әкелуге мәжбүр. Өйткені Херсон актерлері бұл шараға қатысуға келіспейді" дейді ол.

Самойленко Херсон қаласындағы жағдай "аз-кем тыныш" болғанымен, қалған аймақта тойлау туралы айту мүмкін емес екенін жеткізді.

"Соғыс қимылдары болып жатқан өңірлердің шекарасында орналасқан ауылдар толығымен жабылды, тіпті азық-түлік, дәрі-дәрмек және басқа да заттарды ерікті түрде әкелу мүмкін емес" дейді ол.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Украина Ресей

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір