• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 14:01:38
Алматы
+35°

Ресейдің Қара теңіздегі "Москва" соғыс кемесін суға батыру үшін АҚШ Украинаға көмектескен. "Вашингтон Киевке барлау мәліметтерін берді" деп хабарлады ВВС.

Аты-жөнін атамаған шенеуніктердің айтуынша, Украина АҚШ-тан Одессаның оңтүстігіне қарай жүзіп бара жатқан кеме туралы сұраған. АҚШ ол "Москва" кемесі екенін айтып, оның орналасқан жерін растауға көмектескен. Содан кейін Украина оған екі зымыран атқан.

Ақпаратқа байланысты Пентагон түсініктеме берген жоқ. Бірақ Пентагонның баспасөз хатшысы АҚШ Украинаға өзін қорғауға көмектесу үшін барлау ақпаратын бергенін атап өтті.

Бұқаралық ақпарат құралдарында келтірілген аты-жөнін атамаған америкалық шенеуніктердің сөзінше, АҚШ Украинаға "Москваның" орналасқан жерін анықтауға көмектескенімен, кеме нысанаға алынатынын білмеген.

Ресейдің 510 экипажы бар әскери кемесінің суға батуы үлкен символдық мәнге ие болып, орыс күштеріне әскери соққы ретінде әсер еткен.

Бұған дейін Нью-Йорк Таймс газеті "Ресейдің жоғары лауазымды генералдарының соғыс алаңындағы орындары туралы мәліметтерді Киевке АҚШ барлауы беріп отыр" деген ақпарат таратқан. Пентагонның баспасөз хатшысы Джон Кирби оны жоққа шығарған.

Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесі де АҚШ Украинаға жоғары лауазымды ресейлік офицерлерді нысанаға алуға көмектескенін жоққа шығарды.

"Біз ресейлік генералдарды өлтіру ниетімен барлау мәліметтерін бермейміз" деді Ақ үй ұлттық қауіпсіздік кеңесінің баспасөз хатшысы Адриен Уотсон.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір