• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 05:19:22
Алматы
+35°
Қаңтар оқиғасы кезіндегі азаптау фактілері туралы "Нас убивали Qizil qantar" деп аталатын мини-фильм жарық көрді. Фильмді қаңтардағы оқиғалар кезінде қамалып, азапталған азаматтар өз мүмкіндіктерімен жасап шыққан.
 
Фильмді түсірушілердің бірі Саят Әділбекұлы шағын туынды арқылы сол кездегі оқиғаларды қайта құрастырып, тергеу изоляторындағы сұмдық күндердің атмосферасын жеткізуге тырысқандарын айтады.
 
 
"Оқ тиіп жаралану, ауруханадан алып кету, СИ-18 изоляторындағы азаптау, қылмыстық істерді қолдан құрастыру. Біз бастан өткерген осы сұмдықтарды ешқандай сөзбен жеткізу мүмкін емес. Біздің шағын фильмі оқиғаны көз алдыға елестетіп қана қоймай, ауыр азаптауға ұшырағанын айтуға батылы жетпей жүргендерге көмектеседі деп үмітенеміз. Бейбіт адамдарды атқандар, азаптағандар әлі күнге дейін бостандықта жүр, қызметін істеп жатыр. Өлгендердің, жараланғандардың, ұсталғандардың аты-жөні әлі айтылмады. Біз енді бұндай жағдай қайталанбайтынына сенгіміз келеді. Бұл – бәрімізге байланысты. Сондықтан біз үнсіз қалмаймыз, сіздер де үнсіз отырмаңыздар" дейді Саят Әділбекұлы әлеуметтік желіде
 
 
Фильмді көру үшін мына жерді басыңыз.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қаңтар оқиғасы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір