• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:59:36
Алматы
+35°

Алматы қаласында Александр Невскийге ескерткіш орнатылатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

Қазақстан Республикасының аумағындағы монументті өнер құрылыстары (ескерткіштер, стелалар, бюсттер) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі №103 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес аса көрнекті тұлғаларды, маңызды тарихи оқиғаларды мәңгі есте қалдыру мақсатында орнатылады.

Александр Невскийге ескерткіш орнату туралы мәселе 2021 жылғы 12 шілдедегі Алматы қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияның отырысында қаралды. Мен Алматы қаласының ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияның мүшесі ретінде осы отырысқа қатыстым. Отырыста комиссия мүшелері бірауыздан Алматы қаласында А.Невский ескерткішін орнату туралы "ұсыныстан бас тарту” туралы шешім қабылдады.

Фазылов Сайран Ахметжанұлы

Қазақстанның құрметті сәулетшісі

Алматы қаласының ескерткіштерді қорғау жөніндегі комиссиясының мүшесі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір