• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 17:47:19
Алматы
+35°

Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары сенаттың "Референдум туралы" Заңнан Елбасы туралы норманы алып тастағанын мақұлдады. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлады.

– Бұл Конституциялық заң жобасын Қазақстан Республикасы парламентінің депутаттары әзірледі. Өздеріңізге белгілі, заң жобасын биыл 4 мамыр парламент мәжілісі мақұлдап, сенаттың қарауына жіберген болатын. Заң жобасын сенатта қарау барысында қосымша толықтыру енгізілді. Бұл толықтыру Комитет отырысында қаралды. сенат, республикалық референдумның нысанасы бола алмайтын мәселелерді нақтылау мақсатында, "Республикалық референдум туралы" Конституциялық заңның 3-бабы 2)-тармақшасын жаңа редакцияда ұсынып отыр. Атап айтатын болсақ, "мемлекеттің тәуелсіздігін, Республиканың бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығын, оны басқару нысанын, Республика қызметінің түбегейлі қағидаттарын өзгерту» мәселелерi референдум талқысына қойылатын мәселелер бола алмайды, – деді мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов.

Оның айтуынша, осы тармақшаның қолданыстағы редакциядағы "Тәуелсіз Қазақстанның Негізін салушы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы іргесін қалаған Республика қызметінің түбегейлі принциптерін және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәртебесін өзгерту" деген сөздерді парламент сенаты алып тастауды ұсынған.

 

Осылайша, "Республикалық референдум туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Конституциялық заң жобасына парламент сенаты енгізген толықтыруды палата отырысына қатысқан 96 депутаттың барлығы қолдады.

 

Құжат президенттің қол қоюына жіберіледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір