• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:26:56
Алматы
+35°
"Утульалымға жол жоқ" қозғалысының белсендісі Нураддин Садықов үкімет утильалым мөлшерін 50 пайыздан ары төмендетуге құлықты емес деп, қоғамдық белсенділігін тоқтататынын мәлім етті.
 
"Менің субъективті пікірлерім (әрине, қателескен болсам жақсы болар еді)
 
1. Үкімет сол утилалымға жасаған 50% жеңілдіктен әрі қарай түсіруге пейілді емес. Оны соңғы күндері жасап жатырған жүрістері дәлелдеп отыр. 50%-дық жеңілдікке қатысты бұйрық бүгін-ертеңдері күшіне енуі керек.
 
2. Қазір қымбаттаған көлік – одан әрі қымбаттамаса, арзандамайды. Себебі, бізде автоөндіріс жоқ, сол сөзді сылтау еткен алыпсатарлық бар. Ал, ол – сыртқы валютаға тәуелді.
 
3. Әлемде көлік дефицит, қымбат, бізде де сол себеп болып отыр деген далбаса пікір. Иә, әлемде пандемия салдарынан туындаған проблема болды. Қазір бұл мәселе шешіліп, әлем көлік дефицитінен бірте-бірте айығып келеді. Қолдан қымбаттатып отырған – біздікілер.
 
4. Ең басты сұраққа жауап. Бұл тақырыпты өзім үшін уақытша жабамын деп шештім. Себебі, ашық диалогқа барып, уәжді пікірге құлақ асуға құлықты билікті көріп отырған жоқпын. Олигополия лоббистері ғана бар. Ал, клавиатура батырларының айтағына еріп, жартасқа барып, күнде айғай салуға немесе айға жеке-дара шабуға расын айтқанда, құлқым жоқ. Бұл менің шешімім. Құрметтейсіздер ме, сөге жамандайсыздар ма, өз еріктеріңіз. Осымен сөз тәмам" деп жазды белсенді әлеуметтік желідегі парақшасында.
 
Қаңтар оқиғасынан кейін президент Қ.Тоқаев ел ішінде көптен сөз болып жүрген утилизациялық  алым мөлшерін төмендету мәселесін көтеріп, үкіметке тиісті тапсырма жүктеген. Премьер-министрінің бірінші Роман Скляр утильалым көлемін 50 пайызға дейін ғана төмендету мүмкін екенін мәлімдеп, үкімет шешімін жариялаған. "Утильалымға жол жоқ" тобының белсенділері ставка мөлшері әлі де жоғары екенін, үкімет жекелеген топтың мүддесін қорғаумен айналысып отырғанын, 50 пайызға дейін төмендету нарықта көлік құнының арзандауына әсер етпейтінін айтады.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір