Шығыс Қазақстан облысында Ақсуат, Самар аудандары құрылады.
"1. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімшілік орталығы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылынан Ақжар ауылына көшірілсін.
2. Шығыс Қазақстан облысының құрамында:
1) Тарбағатай ауданының құрамынан бөлу жолымен әкімшілік орталығы Ақсуат ауылында орналасатын Ақсуат ауданы;
2) Көкпекті ауданының құрамынан бөлу жолымен әкімшілік орталығы Самар ауылында орналасатын Самар ауданы құрылсын" делінген президент жарлығында.
Жарлық 2022 жылғы 7 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.
Пікір қалдыру
пікір