• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 04:39:43
Алматы
+35°
Қаңтар оқиғасынан кейін қамалып, бүгінде қылмыстық кодекстің 5-бабы бойынша тергеліп жатқан ҰҚК-нің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтың қамауда ұстау жағдайына, оның ішінде медициналық көмектің көрсетілуіне қатысты шағымданбаған. Бұл туралы Sputnik Қазақстан басылымы ҰҚК сілтеме жасай отырып хабарлады.
 
"Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторында К.Мәсімов Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес материалдық-тұрмыстық және медициналық-санитарлық жағынан қамтамасыз етілген. Оның тарапынан күзетпен ұстау жағдайында, оның ішінде медициналық көмек көрсетуге қатысты шағым түспеген" делінген Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарламасында.

13 сәуір күні Karimmassimov.com сайтында Кәрім Мәсімовтің денсаулығы нашарлағаны, дәрігерлер оны дереу қамаудан босату керектігін айтып отырғаны туралы ақпарат шыққан. Әлеуметтік желіде ақпаратты Мәсімовті босату бойынша пиар-компания деп хабылдағандар көп болды.

Бүгінде қамауда отырған Мәсімовтің тергеу кезінде анықталған мүлкі бұғатталған. Оған атысты қылмыстық кодекстің төмендегідей 5-бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.

♦ ҚК 336-бабы 4-бөлігі – "Пара алу"

♦ ҚК 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы – "Билiктi немесе лауазымдық өкiлетігін асыра пайдалану"

♦ ҚК 175-бабы 1-бөлігі – "Мемлекетке опасыздық жасау"

♦ ҚК 179-бабы 3-бөлігі – "Билікті басып алуды немесе ұстап тұруды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты билікті басып алу немесе ұстап тұру не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту"

♦ ҚК 218-бабы 3-бөлігі 3-тармағы – "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)"

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Кәрім Мәсімов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір