Фото: Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайты
Сондай-ақ жиында мемлекет меншігіндегі жекелеген нысандарды, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар қалаларындағы көшелерді қайта атау мәселелері қаралды.
"Өздеріңіз білетіндей, мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында бірқатар әкімшілік-аумақтық өзгерістерді атап өтті. Олардың барлығы терең экономикалық негіздемеге ие, орасан зор мультипликативтік әсері бар. Дегенмен ең бастысы-қоғамдық пікірді ескеру маңызды. Енді Қазақстанда өз облыс орталықтары бар жаңа облыстар пайда болады. Атап айтқанда, Семей қаласы жаңа Абай облысының орталығына, Жезқазған жаңадан құрылған Ұлытау облысының орталығына айналады, осындай өзгерістер Алматы облысына да қатысты" деді министр.
Отырыс қорытындысы бойынша комиссия мүшелері Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Алматы облыстары әкімдіктерінің жаңадан құрылған Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарына атаулар беру туралы ұсыныстарын мақұлдады. Жақын арада комиссияның қорытындысы дайындалып, заңнамаға сәйкес одан әрі жұмыс істеу үшін облыстардың әкімдіктеріне жіберілетін болады. Бұған дейін республикалық ономастика комиссиясы Қапшағай қаласын Қонаев деп қайта атау туралы оң қорытынды берген болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір