• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:49:47
Алматы
+35°

Бейсенбі күні БҰҰ-да Ресейді БҰҰ-ның Адам құқықтары кеңесінің мүшелігінен шығару мәселесі дауысқа салынады.

Қарар Ресейдің Киев іргесіндегі Буча қаласында бейбіт тұрғындарды өлтіруіне байланысты қабылданғалы отыр.

Ресейдің Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы миссиясы мемлекеттерді "Ресейге қарсы қарарға келіспеуге" шақырды. Ережеге сай, қарарды кеңеске мүше елдердің үштен екісі қолдаса, Ресей кеңестен шығарылады.

Ресей БҰҰ-дағы елдерге Мәскеуді Адам құқықтары жөніндегі кеңестің мүшелігінен шығару ұсынысына "иә" деп дауыс беру немесе қалыс қалу "Ресеймен дос емес" әрекет ретінде қарастырылатынын ескертті. 

"Ресей БҰҰ мүшелеріне "бізбен біргесіңдер ме әлде бізге қарсысыңдар ма?" деп доқ көрсетті" деп жазды Financial Times басылымы.

Басылымның хабарлауынша, Мәскеу өзін Адам құқықтары жөніндегі кеңестен шығаруға дауыс бергендерді АҚШ-қа қолдау көрсетті деп бағалайтынын жеткізген.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ресей БҰҰ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір