• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 11:59:48
Алматы
+35°
Ресей өзінің әскери шығыны туралы мәліметті жариялады. Бұл – мәліметтердің екінші рет жариялануы.
 
"(Ресей күштерінен) 1351 сарбаз қаза тауып, 3825-і жараланды" деп хабарлады Риа Новости ақпарат агенттігі.
 
Украинаның әскери дереккөздері бұған дейін 15 000-ға жуық ресейлік сарбаз қаза тапқанын есептеген, бірақ бұған қаза тапқандармен қатар жараланғандар да кіруі мүмкін. АҚШ барлауы оның жартысы өлген болуы мүмкін деп болжайды.
 
Ресей қорғаныс министрлігі қаза болғандар туралы алғашқы мәліметті 2 наурызда жариялап, шабуыл кезінде 498 әскери қызметкер қаза тапқанын хабарлаған.
 
Бір қызығы, 21 наурызда кремлшіл "Комсомольская правда" (КП) газеті қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап, қақтығыс кезінде 9861 ресейлік әскери қызметкер қаза тапқаны туралы мақала жариялаған.
 
Кейінірек бұл мақаланың бір бөлігі жоғалып кетті. КП редакторы BBC-ге "бұл ақпарат хакерлік шабуыл нәтижесі" деді.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ресей Украина

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір