• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 01:08:21
Алматы
+35°

Киев облысындағы Калиновка ауылдық елдімекені Ресейдің Киевке басқыншылығы кезінде танк оғы мен зымыран астында қалып, қирандыға айналған украиналық деревнялардың бірі.

Галина Шибка мен күйеуі Николай Петровичтің үйі шабуыл кезінде аман қалған. Алайда терезелері шағылған. Үңірейген терезелерін целофанмен, фанер ағаштармен қаптап, қымтап әлек. Кезекті соққыға осылай дайындалып жатыр.

Өмір мен өлім арасында жүрсе де, 50 жылдан бері тұрып келе жатқан "жерімізден ешқайда кетпейміз, осы жерде өлеміз" дейді. "Біз ешкімге жамандық жасамадық" деген олар құдайға күнде жалбарынады. Жүректерін зіл батпан ауырлық басқан. Күн суық, тұратын жер жоқ. Тағы да соққы бола ма, жоқ па ол жағын ешкім білмейді. 

Ресей тарапы Украинадағы "арнайы операция" кезінде бейбіт тұрғындардың өмірін сақтау үшін бәрін істеп жатқанын, соққы асқан дәлдікпен тек әскери нысандарға ғана жасалып жатқанын айтады.

БҰҰ соғыстың созыла түсуіне байланысты алдағы үш айда Украина халқының үштен біріне кедейшілік қаупі төнуі мүмкін екенін мәлімдеп отыр.

Дереккөз: ВВС-дің орыс қызметі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір