• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 12:21:41
Алматы
+35°

Демократиялық партия құру бойынша ынталы топ жетекшісі, саяси белсенді Жанболат Мамай қылмыстық істі тергеу аясында 2 айға қамауға алынды.

Белсендінің үстінен "Полицияны қорлады, жалған мәлімет таратты" деген айыптар бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Белсендінің әйелі, журналист, құқыққорғаушы Инга Иманбай прокурор Жанболат Мамайды 2 айға қамауды сұрап отырғанын айтқан. Белсендіні қолдау үшін Алматы қаласы полиция департаментіне барған оның жақтастары Жанболат Мамайды босатпаса, аштық жариялайтындарын мәлім еткен.

Қаңтар оқиғасы құрбандарын еске алу митингіне қатысқаны үшін бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды деген айыппен 15 тәулік қамауда болған белсенді әкімшілік жаза мерзімі аяқталар шақта тағы 48 сағатқа қамауға алынған. Ол 12 наурыз күні абақтыдан жазған хатында қылмысқа бармағанын айтқан.

"Қадірлі ағайын! Мені саяси себептермен, саяси қудалаудың нәтижесінде қамауға алды. Полицияны қорлады, жалған мәлімет таратты деп. Ешқандай қылмыс жасаған жоқпын. Өз кінәмді мойындамаймын. Біздің жолымыз ақ, адал. Қолдау көрсеткен барша ағайынға алғыс айтамын. Халықаралық ұйымдар қолдау көрсетуі керек деп санаймын. Бірге жеңеміз!" делінген хатта.

Оппозициялық журналист Ермұрат Бапи Жанболат Мамайдың үстінен қылмыстық іс қозғалуының саяси астары бар деп санайды. Сөзінше, мұның артында Демократиялық партия деген атаумен саяси партия құрғысы келіп жүрген белсендінің әрекетін тоқтату ойы тұр.

"Жанболатқа қатысты әкімшілік жазаның соңын қылмыстық іске алмастырудың амалынан екі болжам жасауға болады:

Біріншіден, биылғы жаз-күз маусымында мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өтуі мүмкін;
қылмыстық жауапкершілікке тартылған (екі айлық тергеуден кейін, сот Мамайға ары кеткенде бостандығын шектеу немесе шартты жаза береді) азамат ретінде Жанболат сайлаудан шеттетіледі (қазіргі қолданыстағы сайлауға қатысты заңдылықтарының талабы бойынша);

Екіншіден, президент Тоқаевтың наурыз жолдауынан кейін, сайлау және саяси партиялар туралы заңдарға аздаған өзгерістер енгізілетін болса, билікпен мәмілелесуге көнбейтін оппозициялық саясаткер Жанболаттың Демпартиясын сайлауға дейін "қағып тастап", тіркеуден өткізбеудің әрекеті жасалуда" дейді журналист.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жанболат Мамай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір