• USD 475.51

  • EUR 464.15

  • RUB 8.2

  • CNY 66.85

04 Қазан, 17:13:31
Алматы
+18°

Айбар Олжаев/Фото: Ашық дереккөз

Көп сұрақтар келді. Личка жарылды. Неге үндемейсің деп жазды.

Дисклеймер: Глобалды тұрғыда Қазақстан үшін жағдай жаман емес

Ұлттық Банк интервенциясы бар, фундаменталді факторлар бар: теңге долларға шаққанда 500 деңгейіне қонды. Әрине, біз үйренген 440-тан жоғары, бірақ Ұлттық Банктің осы жолы жасаған ақша-несие саясаты өте жоғары деңгейде болды.

Енді не болады?

Бізде жалпы рубльге байлана бермеу бойынша нақты шешім қабылдағаны дұрыс болды. Естеріңізде бар шығар, кезінде рубль 3 теңге болып кетіп, ел азаматтары Ресейден үй, көлік, тұрмыстық техника алуға ұмтылып, оған автосалондар, құрылыс компаниясын ұстап отырған біздегі олигархиялық топтар қарсы қадам жасап, билікті рубль 5-6 теңге паритетінде ұстау бойынша байлап қойған еді. Олигархия жойылғандықтан, осы паритетті ұмыту керек.

Бір сөзбен айтқанда, Сымағұлов пен Лаврентьев үшін бүкіл халықтың кедейленуін тоқтатуымыз керек және оны ендігі Ақорда өте жақсы түсініп отыр.

Енді рубльдің ескі паритетіне байланып қалуға болмайды. Мейлі 1 рубль 1 теңге болсын, бірақ қазақстандықтар Ресейден зат сатып алады деп уайымдап, лобби қосып, Ақорданы шабуылдаудың қажеті жоқ. Қазіргі Ресейден ешкім ештеңе алмайды, және Ресейдің (халқы, автосалондары, құрылыс компаниялары) ешкімге қазіргі бағамен ештеңе сатпайды.

Теңгеге қолдау көрсетер мықты фактор - мұнай бағасы. Қазақ мұнайына санкция салынған жоқ. Сондықтан рубльді теңгеден ажырату жақын күндердің шаруасы болуы тиіс. Экспортты қорғау, ат төбеліндей топты тыңдауға дәл қазір стратегиялық тұрғыдан болмайды. Құлайтын экспорт құлай берсін, бірақ теңге бағамын бүкіл халықтың қалтасы үшін рубльден ажыратып алу өте қажет.

Жалпы еліміздің жағдайы жаман емес. Бұл жағдайда Қазақстан өте жеңісті деңгейде. Санкциядағы бүкіл Ресей бизнесі Қазақстан десе аузынан суы аға бастады. МФЦА-ға кезекке тұрары сөзсіз. Тек, осыны экономикалық тұрғыдан ұтымды пайдалана білейік. Теңге дәл осы жағдайда болашағы мықты валюта. Және Ұлттық Банк оны жақсы түсініп отыр.

Айбар Олжаев

Экономист

Facebook парақшасынан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір