• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

07 Ақпан, 02:54:51
Алматы
-2°

Ұлттық банк пен "Қазақстан қор биржасы" бірлескен мәлімдеме жариялады.

Ол жерде теңге – АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық регламентін өзгерту туралы шешім қабылданғаны айтылады.

Атап айтқанда, 28 ақпанда сауда-саттық Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15-00-де Франкфурт аукционы форматында ашылады.

"Бұл шаралар уақытша сипатқа ие, белгісіздіктің жоғары дәрежесін және сыртқы геосаяси факторлар тарапынан валюта нарығына және ел ішіндегі қаржылық тұрақтылыққа көрсетілетін қысымды барынша азайту қажеттілігін көрсетеді.

Сонымен қоса, сыртқы қаржы нарықтарындағы қазіргі сәттегі аса айқындалмаған жағдайлардың өзгеруіне қарай Ұлттық Банк "Қазақстан қор биржасы" АҚ-пен бірлесіп 28 ақпанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15-00-ге дейін биржалық валюталық сауда-саттықты толық тоқтата тұру туралы мәселені қарауы мүмкін" делінген ақпараттық хабарламада.

Қазіргі уақытта ақша айырбастау пунттерінің жұмысы тоқтатылған. Айырбас пункттері жабылғанға дейін 1 доллар 476-478 теңгеден, 1 еуро  528-531 теңгеден сатылған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Теңге бағамы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір