• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Қыркүйек, 20:30:03
Алматы
+8°

Өзбекстанның Нұр-Сұлтан қаласындағы елшілігі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне қаңтар оқиғасынан кейін ұсталған азаматтары туралы толық ақпарат беруді сұрап, нота жолдады. Бұл туралы Өзбекстан СІМ ресми өкілі Юсуп Кабулжанов мәлім етті.

"Соңғы күндері бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстан Республикасы адам құқығы жөніндегі омбудсмен Эльвира Әзімоваға сілтеме жасай отырып, Қазақстанда қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерден кейін 18 шетел азаматы ұсталғаны, оның ішінде 14 Өзбекстан азаматы бары туралы хабарлады" делінген хабарламада.

Өзбекстан Елшілігі Қазақстан Сыртқы істер министрлігінен ұсталған азаматтары туралы, олар қайда ұсталынып отырғаны, жауапкершілікке тарту себебі жайлы толық ақпарат беруді, қамалғандар мен консулдың кездесуін ұйымдастыруды сұрайды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір