• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:30:33
+35°
Театр және кине актері Азамат Сатыбалды Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды. Бұл туралы Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.
 
Құрметті достар, танымал кино және театр актері, тележүргізуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалдыны Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалуымен шын жүректен құттықтаймын!" делінген Арыстанбек Мұхамедиұлының facebook-тегі жазбасында.
 
Азамат Сатыбалды жуырда ғана Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік балалар және жасөспірімдер театры директорының директоры қызметінен босатылған.
 
Азамат Сатыбалды Сұрапбаев 1977 жылы Жамбыл облысы Рысқұлов ауданында дүниеге келген. Көп балалы отбасында туған. 1997 жылы Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясына оқуға қабылданды. 2000 жылы дипломдық жұмысын қорғауға Қостанай облыстық драма театрына жіберілді. Еңбек жолын 2001 жылы М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрынан бастаған.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Азамат Сатыбалды

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір