• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 12:52:07
Алматы
+35°

Солтүстік Корея билігі хореограф пен оның бірнеше шәкіртін тұтқынға алды. "Хореограф шетелдік БАҚ арқылы шәкірттеріне капиталистік "би қимылдарын үйреткен" деп хабарлады Солтүстік Корея ақпарат көздері. 

2020 жылдың соңында Солтүстік Корея азаматтарды негізінен капиталистік елдердің, әсіресе Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың бұқаралық ақпарат құралдарын қарауға немесе таратуға байланысты көптеген құқық бұзушылықтар үшін жазалайтын "Реакциялық ойлар мен мәдениетті жою туралы" қатал заң қабылдады. Ауыр қылмыс жасағандар үшін өлім жазасына кесіледі.

Сондай-ақ бұл заң арқылы көлік әйнектерін қараңғылағаны үшін жүргізушілер, оңтүстіккореялық стильдегі сөйлеу мен сленгті пайдаланғаны үшін студенттер жазаланады. Ал енді хореографтарға жастарды шетелдік эстрада жұлдыздарының қимылдарын үйреткені үшін жазалауға қолданылды.

Daily Mail ақпаратына сәйкес, мемлекеттік қауіпсіздік департаменті мен полицияның бірлескен операциясы антисоциализмге қатысты тергеу жүргізіп, оңтүстіккореялық фильмдерді көрген және шетелдік басылымдарды оқыған адамдарды қарқынды түрде қудалауда.

Биылғы жылы антисоциализмге қарсы инспекция тобы ой мен мәдениет туралы заңның орындалуына барынша ұқыпты болған.

"Хореографты қудалау болған жерде жалпақ экранды теледидарға шетелдік әндер мен би бейнелері бар USB флэш-дискі жалғанған" дейді солтүстіккореялық дереккөздер.

"Жасөспірім студенттер экрандағы хореография арқылы билеуді үйренген. Антисоциализмге қарсы тексеру тобы флэш-дискіні тартып алып, нұсқаушы мен барлық студенттерді штаб-пәтеріне алып кетті" деп хабарланды.

Ақпараттар бойынша хореограф әйел Пхенсон өнер университетінде хореография мамандығы бойынша білім алған. Бірнеше жыл бұрын ол Пхенсондағы Окчон орта мектебіне сабақ беруге жұмысқа тұрған.

"Бірақ мұғалімнің бар болғаны 3000 вон айлық жалақысына өмір сүру қиын болды [АҚШ. $0,60], сондықтан ол өз үйінен жеке би академиясын ашу арқылы өмір сүрді" дейді атын атамауды өтінген тұрғын.

"Олар (шәкірттер) Солтүстік Корея стилінде емес, Оңтүстік Корея, Қытай және Америкадағыдай билеуді үйренуді жөн көрді. Осылайша, хореограф оларға соларды үйретті" дейді тұрғын.

Орталық Комитет "Ракциялық ой мен мәдениетті жою туралы" заңды бұзғандарды дәрежесіне, сыныбына қарамастан қатаң жазалауды бұйырғандықтан, бұл жолы ұсталған хореограф пен студенттер ауыр жазадан құтылмайды. "Олардың ата-аналары да партиядан шығарылып жазалануы мүмкін" деп хабарлады дереккөз.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Солтүстік Корея

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір