• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 10:25:20
Алматы
+35°

"Nur Otan" партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысымен партияның атқарушы хатшысы болып Асхат Оралов тағайындалды.

Асхат Оралов 1990 жылдың 10 ақпанында Павлодар облысының Ақсу қаласында дүниеге келген. Ол Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-ны "Аударма ісі" және "Халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша бітірген.

2013-2016 жылдары Еуразия Ұлттық университетінің хаттамат бөлімінің бас маманы, 2014-2016 жылдары "Нұр Отан" партиясының "Нұр" филиалы төрағасының бірінші орынбасары, 2016-2017 жылдары Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы" ММ басшысының м.а, 2017-2018 жылдары "Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының" басшысы болған.

2018 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жастар саясаты департаментін басқарған.

2018-2019 жылдары қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары, 2019-2020 жылдары Павлодар облысы әкімінің орынбасары, 2020-2021 жылдары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі қызметтерін атқарған. 2021 жылы шілдеде Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған.

Бүгін бұған дейін осы қызметті атқарған Бауыржан Байбек қызметінен кеткен.

28 қаңтарда өткен партияның кезектен тыс съезінде президент Тоқаев "Nur Otan" партиясының төрағасы атанып, партия төрағасының бірінші орынбасары лауазымының орнына хатшы лауазымын енгізу қажеттігін айтқан. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Nur Otan Асхат Оралов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір